Түркіменстан Өзбекстаннан транзиттік жүк тасымалдауға рұқсат берді

    Көлік 6 Iyun 2022 1160

    2022 жылдың 1 июнінен бастап шет мемлекеттердің көліктеріне Түркіменстан аумағы арқылы транзиттік жүктерді өткізуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Өзбекстан Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі

    Шет мемлекеттердің көлік жүргізушілері еліміздің аумағы арқылы төменгі бағыттар бойынша транзитпен өтеді. «Сарахс (Иран) - Сарахс (Түркіменстан)» - «Фарап (Түркіменстан) - Алат (Өзбекстан)» - Сарахас (Иран)» бақылау-өткізу пункттері.

    Ел аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасымалдау төмендегі талаптар мен шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады;

    Шетелдік көлік құралдарының жүргізушілері Түркіменстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтуде транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру үдерісін ресмилендіру үшін қажетті болған барлық құжаттарды арнайы санитарлық өңдеуден өткізу үшін тапсыруы тиіс;

    көлік құралдарын белгіленген тәртіпте санитарлық тазалау жүргізіледі;

    Шекараны кесіп өту кезінде ПТР әдісімен COVID-19 тест сынағынан өткендігі туралы анықтама (мемлекеттік шекараны кесіп өтуге дейін кемінде 72 сағат көп болмаған мезімде), коронавирусқа қарсы екпе алғандығы туралы куәлік (соңғы егу жасалған күннен бастап 42 күннен кем емес мерзім) ұсынылуы тиіс;

    бақылау-өту пункітінде COVID-19 үшін экспресс-тесттен өту;

    Түрікменстан аумағы арқылы транзит жүк көліктерінің (автоколоннаның) ұйымдық жиынтығында қозғалу арқылы жүзеге асырылады;

    Өзбекстан-Иран шекарасынан 1 км қашықтықта жүк авто көліктерінің ұйымдық жиынтығы (автоколоннасы) құрылады;

    жүк көліктерінің ұйымдық жиынтығын (автоколонна) қалыптастыру таңғы сағат 8.00-де басталады;

    жүк көліктерінің ұйымдық жиынтығы жол полициясының арнайы көліктері бақылау арқылы жүргізіледі. Жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде тоқтауға және көлік кабинасынан шығуға тыйым салынады;

    жүк көліктерінің ұйымдық жиынтығының қозғалысы кезінде жүргізушілердің демалуы, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жанармай құю, қажетті азық-түлік өнімдерін алу үшін арнайы бөлінген автотұрақтарда тоқтау жоспарлануда;

    қозғалыс кезінде ақаулық немесе басқа мәселе туындаған жағдайда, тиісті көлік құралы жиынтығынан бөлінеді. Осы орайда тәртіп сақшылары Түркіменстан Автокөлік агенттігімен бірлесіп, мәселені шешуге нақты көмек көрсетеді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates