Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев мәртебелі мейманды құрмет мінберіне шақырды.
Әскери оркестрдың сүйемелдеуімен мемлекеттердің гимндері орындалды. Құрмет қарауылы Президенттердің алдында салтанатты түрде сап түзеп өтті.
Ел басшылары ресми делегация мүшелерін құттықтады.
Сапардың негізгі шаралары ертең, 17 қараша күні өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Өзбекстан – Түркіменстан стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту және көпқырлы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланады.












