Жарлыққа сәйкес, “U 10 – Өзбекстанның жаһандық озық университеттері” бағдарламасы енгізіледі және оның аясында жоғары білім беру ұйымдарына ұлттық зерттеу университеті мәртебесін беру жолға қойылады.

Ұлттық зерттеу университеті мәртебесі мемлекеттік ғылыми бағдарламалары аясында Инновациялық даму агенттігі тарапынан ғылыми кластер құру жобасы бойынша өткізілетін байқауда жеңіске жеткен 10 жоғары білім беру ұйымына беріледі.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғары білім беру ұйымдарының ұлттық рейтингі нәтижелеріне сәйкес қаржылай ынталандыру жүйесі енгізіледі.

Ұлттық рейтинг нәтижелеріне қарай, әрбір санат тобына кіретін жоғары білім беру ұйымдарының 20 пайызы 1-дәрежеге, 40 пайыздан 2- және 3-дәрежелерге бөлінеді.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік тапсырыс (мемлекеттік грант) негізінде білім алып жатқан бір студентті оқыту шығындарының мөлшерін төмендегі көрсеткіштер негізінде қалыптастыру тәртібі енгізіледі:
бір профессор-оқытушыға
дұрыс келетін орташа студенттердің саныны;
білім беру саласының күрделілігі, соның ішінде білім беру бағыттары (мамандықтар) үшін қажетті материалдық-техникалық база;
білім беру саласының жоғары білімді кадрларды даярлаудың басым бағыттарына сәйкестігі;
жоғары білім беру ұйымының мәртебесіне және (немесе) санатына қарай ғылыми зерттеуге бағытталуы және басқалар.

Жарлыққа сәйкес, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі жанындағы Жоғары білімді дамыту зерттеулері орталығы негізінде Жоғары білімді дамыту және жаһандық ынтымақтастық орталығы құрылады.

Республикадағы мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарының бакалавриат білім бағыттарына белгілі бір оқу жылына бөлінген грант квоталарының толмай қалған бөлігі есебінен жыл сайын 500-ге дейін дарынды шетел азаматтарына жоғары оқу орындарында білім алу үшін грант беруді көздейтін “Жаңа Өзбекстан стипендиясы” бағдарламасы жүзеге асырылады.

2026/2027 оқу жылынан бастап жоғары білім беру ұйымдарына шетелдік студенттерді қабылдаудың қолданыстағы тәртібіне қосымша ретінде “Study in Uzbekistan” платформасы арқылы қабылдау енгізіледі.

2026/2027 оқу жылынан бастап білім беру бағдарламасын шетел тілінде аяқтаған студенттер келесі білім басқышы үшін құжат тапсыру кезінде шетел тілін меңгергені туралы сертификатты ұсыну жойылады.

Төмендегілер құрылады:
Цифрлық білім беру технологияларын дамыту орталығы негізінде Цифрлық білім және жасанды интеллектті дамыту орталығы;
Инновацияларды енгізу және технологиялар трансфері ұлттық кеңсесі мен Жастар академиясы негізінде Жастардың инновациялық бастамаларын қолдау кеңсесі.