Қаулыда, жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуетін одан әрі арттыру, экспортқа сай өнімдерді өндіру көлемін кеңейту, жүргізілген реформаларға және заман талабына толық жауап беретін жеңіл өнеркәсіп орталығын ұйымдастыру мақсатында Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігі, Ферғана облысы әкімшілігі және “Микрокредитбанк” АТБ ұсынысы негізінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру, логистикалық сауда кешенін ұйымдастыру белгіленді.
15 гектар жерде құрылатын жаңа кешенде өндіріс цехтары, сауда дүкендері, логистикалық орталық, шағын сауда орындары мен қосымша қызмет көрсету орындары ұйымдастырылады.
Үлкен әрі заманалық жеңіл өнеркәсіп кешенінде 2 логистикалық орталық, 212 өндіріс цехы, 336 сауда дүкені, 560 шағын сауда орындарын ұйымдастыру көзделген.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру, логистика және сауда кешенінің пайдалануға тапсырылуы нәтижесінде өндіріс, сауда, қызмет көрсету және логистика бағыттарында 7 мың 700-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады, деп хабарлады Учкуприк аудан әкімшілгінің баспасөз қызметі.