«Utair» әуе компаниясы Ферғанаға жаңа бағыт ашты

    «Utair» әуе компаниясы Ферғанаға жаңа бағыт ашты

    Ресейдің «Utair» әуе компаниясы Өзбекстанға жаңа рейстер бағытын ашты.

    Әуе компаниясының жаңа рейсі “Фарғона” халықаралық әуежайына бағытталады.

    Ферғана – Сургут бағыты бойынша рейс 2023 жылдың 22 январынан бастап аптасына бір рет жексенбі күндері жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

    «Utair» әр аптаның сәрсенбі күндері Мәскеуден Ферғанаға рейстерін жүзеге асыруын жалғастыруда.