Uzbekistan Airways жаңа Dreamliner ұшағына тапсырыс берді

    «Uzbekistan Airways» ұлттық әуе компаниясы өз авиапаркін одан да кеңейту мақсатында Boeing компаниясымен жаңа келісімге қол қойды.

    Құжатқа сәйкес, әуе компания бұрын берілген сегіз Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы үшін опциондарын қатаң тапсырыстарға айналдырды.

    Келісімге Вашингтон қаласында өткен C5+1 саммиті аясында қол қойылды. Құжатты «Uzbekistan Airways» Басқару төрағасы Шухрат Худойқулов пен Boeing компаниясының Еуразия және Үндістан бойынша сауда және маркетинг жөніндегі вице-президенті Пол Риги қол қойды.

    Осылайша, ұлттық әуе компанияның заманауи кең фюзеляжды Boeing 787-9 Dreamliner ұшағына деген жалпы тапсырысы 22 әуе кемесін құрады. Жаңа лайнерлер “Uzbekistan Airways’-тың” халықаралық бағыттарын кеңейтуге және оның әлемдік авиация базарындағы орнын нығайтуға қызмет етеді.

    Қол қою рәсімінде АҚШ Сауда министрі Говард Латник, Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, сондай-ақ екі елдің ресми өкілдері қатысты.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates