Ташкентте жылумен қамтуды жаңа деңгейге көтеретін заманауи орталық пайдалануға берілді

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының Юнусабад ауданында салынған ірі қуатты когенерация станциясының қызметімен танысты.

    Ташкент қаласында тұрғындар мен экономика нысандарын қысқы маусымда жылу энергиясымен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында бір мезгілде электр және жылу өндіретін заманауи когенерациялық қондырғылар кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.

    Юнусабад ауданындағы 4-жылу орталығы аумағында мемлекеттік-жекеменшелік әріптестік негізінде салынған қуаты 100 МВт болатын бұл жоба – осындай маңызды бастамалардың бірі.

    Қытайдың «CNTIC» компаниясымен әріптестікте жүзеге асырылған жоба 3,5 гектар аумақта орналасқан. Оны қаржыландыру үшін 65 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

    Мемлекет басшысы орталықтың жұмыс үдерісімен танысты.

    Когенерация нысанына Ұлыбританияның «Rolls-Royce» компаниясының 70 газ-поршенді қондырғысы орнатылған.

    Қазандықтардан тұтынушыларға дейінгі жылумен қамту инфрақұрылымы қайта жаңғыртылды. Жылу магистральдары жаңартылып, желілер оқшауланған құбырларға ауыстырылды. Бұл әртүрлі деңгейдегі энергия шығындарының алдын алуға мүмкіндік береді.

    Орталық іске қосылғаннан кейін жыл сайын 876 миллион киловатт-сағат электр энергиясы және 858 мың гигакалория жылу энергиясы өндіріледі. Сонымен қатар, жылына 35 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді.

    Енді Ташкент қаласының Юнусабад, Алмазар, Шайхантахур, Мырзо Ұлықбек және Яккасарай аудандарында орналасқан жалпы саны 1846 нысан тұрақты жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Олардың 1400-і тұрғын үйлер, қалғаны әлеуметтік сала нысандары. Сондай-ақ 292 мың үй шаруашылығына электр энергиясы тұрақты жеткізіледі.

    Жоба іске қосылуымен жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар 40–45 пайызға азаяды. Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар көлемі едәуір қысқарып, ағынды сулар тасталмайды.

    Осы жерде Мемлекет басшысы күз-қыс маусымына дайындық аясында атқарылған жұмыстар, жылу орталықтарын дамыту, Ташкент жылу электр станциясын жаңғырту, елордадағы абаттандыру жұмыстарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен, сондай-ақ аномальды суық жағдайында жұмылдырылатын күштер мен құралдарды бөлуге қатысты тұсаукесермен танысты.

    Ташкен қаласында 11 630 көпқабатты тұрғын үй бар. Оларға 358 басқарушы сервис компаниясы қызмет көрсетеді. Мемлекет басшысы олардың маусымға дайындығының деңгейіне қызығушылық танытты.

    — Қала жағдайында басқарушы сервис компанияларының қызметі тұрғындардың өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан олар сағат тетігіндей дәл әрі үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалып отыр. Ендігі жерде сала қызметкерлерінің көзқарасы мен ұстанымы да өзгеруі керек. Тұрғындардың жағдайынан хабар алып, көпқабатты үйлердің жертөлелері мен шатырларын, кіреберістер мен ойын алаңдарын ұқыпты ұстау қажет, — деді Президент.

    Сондай-ақ энергетика, абаттандыру, құрылыс және қызмет көрсету салаларына жауапты тұлғаларға маусым бойы жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates