Онда кеңестің тең төрағалары — Өзбекстан Президенті администрациясының басшысы Саида Мирзияева және АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Сержио Гор қатысты.
«Бұл құрылым Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға қызмет ететін тиімді алаңға айналатыны сөзсіз. Бұған елдеріміз президенттерінің берік саяси ерік-жігері мықты негіз қалап отыр», — деп жазды Саида Мирзияева өзінің Telegram арнасында.