Вьетнаммен өзара тиімді ынтымақтастық кеңейтіледі

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Нью-Йорк қаласында БҰҰ Әйелдер жағдайы бойынша комиссиясының 68-сессиясы өтіп жатқан жерде Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ан Суанмен кездесу өткізді.

    Екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың іс жүзіндік жақтары талқыланды.

    Во Тхи Ан Суан Астана қаласында өткен Азиядағы ынтымақтастық пен сенім шаралары кеңесінің кезектегі саммиті аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевпен болған нәтижелі сұхбатты, сондай-ақ 2022 жылдың октябрь айында Ташкентке қысқа сапарын жылы лебізбен еске алды.

    Кездесу кезінде парламентаралық байланыстарды орнату мен дамытуға, білім беруге қатысты және тағы басқа да біріккен гуманитарлық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу соңында Во Тхи Ан Суан Самарқант қаласында өтетін Азия әйелдерінің форумына қатысуға шақырылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates