Кездесу Елшінің министрге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру рәсімімен басталды. Министр Елшіні лауазымды қызметіне кірісуімен құттықтап, кәсіби қызметіне табыс тіледі.
Сұхбат барысында Өзбекстан-Қазақстан арасындағы тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үдерісі қаралды. Жоспарланған сапарлар мен біріккен іс-шараларға дайындық барысы, сондай-ақ Қазақстан делегациясының Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне, Самарқантта өтетін Орталық Азия және Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерінің кездесуіне, сондай-ақ «Еуропа Одағы – Орталық Азия» өзара байланыс конференциясына қатысу туралы пікір алмасылды.
Өзара тауар айырбастаудың қарқынды өсіп жатқанын ризашылықпен атап өтілді. Тараптар өзара тауыр айрбастау көлемін одан әрі ұлғайту, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша біріккен іс-шараларды қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.
Екі елдің аумақтары арасындағы қарым-қатынастарды ынталандыру мен нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісілді.
Өзбекстан мен Қазақстанның мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды жандандыруға деген ұмтылысы ерекше атап өтілді. Осыған орай ағымдағы жылдың ноябрь айында өтетін «Қазақстандағы Өзбекстан мәдениеті күндеріне» дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.