Сұхбат кезінде Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастың жағдайымен оны дамыту болашағы талқыланды.
Министрлер жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді өмірге енгізудің барысы, екі ел басшылары ынтымақтастықтың болашақ бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бойынша белгіленген міндеттердің атқарылуы талқылады.
«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолы құрылысының жобасын іс жүзінде жүзеге асыруды, сонымен қатар оның техникалық-экономикалық негіздерін даярлауды жетелдету маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы сындарлы диалогты тереңдету, Ұйымның ағымдағы жылдың сентябрь айында Самарқант қаласында өтетін Саммитке дайындықтың барысы, халықаралық және аумақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Министрлер аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Ауғанстанда тұрақты тыныштыққа қол жеткізу және ел экономикасын қалпына келтіру бойынша өзара ынтымақтастық механизмдеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі басқа мәселелер де талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.