Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Ресей арасындағы кең ауқымды стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар өзара тауар айналымының өсу қарқынын сақтау, сондай-ақ ірі кәсіпорындар мен компаниялардың өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа басым салалардағы кооперациялық жобаларын алға жылжыту, екі ел өңірлері арасындағы тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.
Мәдени-гуманитарлық байланыстардың белсенді дамып жатқаны атап өтілді.
Өзбекстан мен Ресей басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар жоспарын да қарастырды.








