«Халық денсаулығының сақшысы» төсбелгісі бекітілді

    Министрлер Кабинетінің 2023 жылғы 4 сентябрьдегі 444-санды қаулысымен «Халық денсаулығының сақшысы» төсбелгісі ұсынылды.

    Қаулыға сәйкес, төсбелгісімен төмендегілер марапатталады:

    - елімізде салауатты тұрмыс салтын жалпыұлттық қозғалысқа айналдыруға лайықты үлес қосқан барлық деңгейдегі мекеме мен ұйымдар және қоғамдық өкілдері;

    - дене шынықтырумен айналысуды күнделікті әдетке айналдырып, оны өз ұжымы мен халық арасында насихаттауда ерекше үлгі болатын жеке тұлғалар мен спорт жаттықтырушылары;

    - зиянды әдеттердің алдын алу, жою және оларға қарсы күресте оң нәтижелерге қол жеткізген және қоғамдық бақылауды тиімді ұйымдастыруда белсенділік танытқан азаматтар;

    - тұрғындардың дұрыс тамақтануын жолға қою үшін жеткілікті жағдайлар жасаған тұлғалар;

    - аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық тыныштығы, қоршаған ортаның таза және ұқыптылығын қамтамасыз ету, халықта санитарлық-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру және нығайту арқылы аурулардың алдын алуда табысқа жеткен мамандар;

    - созылмалы аурулардың профилактикасында қауіп факторларын жоюға және өмір салтын оңды өзгертуге шақыратын өзекті материалдарды дайындаған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;

    - профилактикалық медицинаның дамуына және осы бағытта білікті кадрларды даярлауға елеулі үлес қосқан медицина саласы қызметкерлері мен басқа да мамандар.

    Төсбелгімен Өзбекстан азаматы болмаған тұлғалар да марапатталады. Бұл марапат әр жыл сайын ноябрь айының екінші жексенбісі – Медицина қызметкерлері күні қарсаңында салтанатты түрде беріледі. Оларға БЕМ-ның 4 еселенген мөлшерінде (1 миллион 320 мың сум) бір реттік ақшалай сыйақы беріледі.