Бұл жобаны БҰҰ-ның Жол қозғалысы қауіпсіздігі қоры қаржыландырады.
Жоба Халықаралық автомобиль жолдарды бағалау бағдарламасы (iRAP), Қауіпсіз және тұрақты көлік Шығыс альянсы (EASST), Халықаралық жол федерациясы (IRF) ұйымдарының ынтымақтастығында ұсынылды.
Бағдарлама аясында жолды жобалау үдерісінде қолданылатын стандарттарды жан-жақты зерделеу мен талдау арқылы жетілдіруді мақсат еткен.
Кездесу барысында шетелдік мамандар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіз жолды жобалау, жол инженериясы мәселелері бойынша тұсаукесерлер өткізді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.