"Қош бол балабақша - сәлем мектеп!" мерекелік іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтті

    Білім 26 May 2023 3454

    «Халықтар достығы» өнер сарайында «Қош бол балабақша – сәлем мектеп!» атты музыкалық шара ұйымдастырылды.

    Көтеріңкі көңіл-күйде өткен шарада мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен өзбек эстрада жұлдыздарының қатысуымен қойылымдар қойылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

    Мектепке дейінгі және мектеп білім министрі Хилола Умарова балаларға жолдаған құттықтау сөзінде олардың мектептегі алғашқы қадамдары үлкен өмірдің бастауы екенін айтып, елімізде атқарылып жатқан білім беру саласындағы реформалардың басты бағытында мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне көңіл бөлуде де айрықша орын иелейтінін атап өтті.

    Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру жүйесінде алғаш рет өткізіліп отырған шараның негізгі мақсаты – білім беру басқыштарының дәйектілігін қамтамасыз ету және мектепке дейінгі және мектептегі тәрбиенің интеграциясын жолға қою болып табылады.

    "Қош бол балабақша - сәлем мектеп!" келесі жылы республикамыздың барлық аймақтарында өткізу жоспарлануда.

    Ақпарат үшін айта кетейік, бүгінде елімізде жұмыс істейтін 30 мыңға жуық мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарында 2 миллионнан астам бала тәлім-тәрбие алуда. Оның ішінде 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарын 563 331 тәрбиеленуші бітіреді, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру және мектеп білім беру министрлігінің баспасөз қызметі.

    Олардың 442 644-і мемлекеттік, 22 017-сі Мемлекеттік-жекеменшік серіктесті негізіндегі беймемлекеттік, 83 538-і отбасылық және 15 132-сі жекеменшік Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарының тәрбиеленушілері.

    Мерекелік бағдарлама барысында көпшілікке танымал өнер қайраткерлері мен балалар театр ұжымдарының қатысуымен қойылған музыкалық қойылымдар балаларға үлкен қуаныш сыйлады.