Қытай әуе компаниясы Өзбекстанға рейс санын көбейтуді жоспарлап отыр

    Қытайдан Өзбекстанға келетін туристердің санын көбейту мен оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында China Southern Airlines авиакомпаниясы рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр.

    Пекин-Ташкент бағыты бойынша апта сайынғы рейс саны 4-тен 7-ге, Үрімшіден Ташкентке 3-тен 4-ке дейін артады. Сонымен қатар, China Southern 2025 жылдан бастап Ташкентке Гуанчжоудан Үрімші арқылы аптасына үш рет ұшатын болады.

    Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың июнь айында Сиань қаласында өткен «5+1 Қытай – Орталық Азия» конференциясында екі ел арасындағы әуе қатынауын айтарлықтай деңгейде арттыруға және жаңа бағыттарды ашуға бағытталған келісімдерге байланысты жүзеге асырылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    Қазіргі кезде Қытай мен Өзбекстан арасында аптасына тұрақты 63 рейс жүзеге асырылуда, соның 21-і жолаушы, 42-сі жүк тасымалы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates