Қытай елшісімен Халыққа білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды кеңейту мәселелері талқыланды

    Бүгін Халыққа білім беру министрі Шерзод Шерматов Қытай Халық Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Цзян Янмен кездесті.

    Zoom байланысы арқылы өткен кездесуде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық байланыстардың бүгінгі жағдайы мен алдағы жоспарлары туралы айтылды.

    Бүгінге дейін Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында халыққа білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және жаңғыртуға қаратылған инвестиция жобалары мен шаралары жүзеге асырылды. Сонымен қатар Қытайдың грант қаржысы есебінен Өзбекстандағы мектептер заманалық оқу-компьютер сыныптарымен жиһаздалып, Осы жобаның 2 фаза аясында қосымша 1 300 компьютер әкеліну көзделуде.

    Жақтар бүгін Қытаймен сауда-экономикалық байланыстар дамыған бір кезде Өзбекстанда қытай тілін үйрену, қытай университеттерінде оқуға мектеп бітірушілердің мүмкіндігін кеңейту айтарлықтай емес екенін, бұдан былай бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажет екені айтылды.

    Елші мен министрдің келіссөздері кезінде Өзбекстанда қытай тілін бұқараландыру бойынша ынтымақтастықты кеңейту, Қытай білім министрлігімен байланыстарды орнату арқылы екі мемлекет арасында тәжірибе алмасуды жолға қою, Қытай ЖОО өзбекстандық оқушыларға квоталарды көбейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Халыққа білім беру министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates