Үстіміздегі жылдың 19-21 декабрь күндері «Бір белдеу бір жол» бастамасын бірге дамыту мақсатында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында Оңтүстік-Шығыс Азия Оңтүстік-Шығыс Азия аумақтарында халықаралық сауда байланыстары мен заңды қызметтер көрсету ынтымақтастығы» тақырыбында халықаралық форум өтуде.
Бұл халықаралық форумға ҚХР әкімшілігінің өкілдері, кәсіпкерлер, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінің нотариат жүйесі мен заңды қызмет көрсету саласының өкілдері қатысуда.
Бүгін Қытай нотариустары Ассоциациясы, Өзбекстанның Нотариалды палатасы, Ресейдің Федералдық Нотариалды палатасы және Беларусь нотариалды палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында нотариалды жүйелер арасындағы ынтымақтастық байланысын нығайту, тараптардың озық тәжірибесін пайдалана отырып, саланы жетілдіру жоспарланған.