Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арнайы өкілімен кездесу

    2022 жылғы 5 январьда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэйді қабылдады.

    Айта кетерлігі, Қытай Үкіметінің арнайы өкілінің сапары Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына (1992 жылы 2 январь) тұспа-тұс келді.

    “Қытай -Орталық Азия” диалогын одан әрі жандандыру болашақтары да екіжақты талқыланды. Өзбекстан мен Қытайдың аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарының жақындығы ерекше атап өтілді.

    Осы уақытқа дейін қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы мен түрлі деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

    Тараптар «Өзбекстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын мерекелеу» бағдарламасы аясында ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.