Хорезмдік Паралимпиадашылар да үймен марапатталды

    Спорт 15 Sentabr 2021 1807

    XVI Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшыларымызды өз облыстарында салтанатты күтіп алу рәсімдері жалғасуда. Міне осындай шаралардың кезектегісі Хорезмде өтті. Оған спортшылар және олардың жаттықтырушылары, ата-аналары, спортшы жастар, мемлекет және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Облыс әкімі Фархад Эрманов Паралимпиада ойындары жеңімпаздарын үлкен жеңістерімен тағы бір рет құттықтап, спортшылардың жаттықтырушы және ата-аналарына шынайы алғыс білдірді.

    XVI Паралимпиада ойындарында боғаттық парадзюдошы Учқун Қуронбоев алтын, шовоттық Руза Қузиева пара пауэрлифтинг бойынша күміс, боғаттық парадзюдошы Нафиса Шарипбоева қола медальді жеңіп алды. Облыс әкімі Паралимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшы және жаттықтырушыларды лайықты марапаттады. Парадзюдошы Учқун Қуронбоев және оның жаттықтырушысы Алфия Ибрагимовалардың әрбіріне екі бөлмелі, пауэрлифтингші Руза Қузиева және парадзюдошы Нафиса Шарипбоеваларға бір бөлмелі үйлер салтанатты түрде тапсырылды.

    Спортшылар мен жаттықтырушылар, ата-аналар сөзге шығып, мемлекетіміз тарапынан көрсетілген жоғары назар мен ынталандыру үшін алғыс білдірді, 2024 жылда Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында бұдан да жоғары нәтижені алатындықтарына уәде берді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates