Бұл туралы АОКА-да Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің ақпарат қызметінің басшысы Ортиқхужа Норовтың қатысуымен өткізілген брифингте мәлім болды.
Атап өтілгендей, осы күндері Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, Литва, Ұлыбритания, Польша, Латвия, Жапония, Румыния сияқты елдерде медицина, өндіріс, қызмет көрсету, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жүк көлігін жүргізуші, дәнекерлеуші, электр энергетика, IT сияқты салалар бойынша 154 мыңнан астам бос жұмыс орны анықталған.
Мәселен, Германияның 25 жұмыс беруші ұйымымен 60 мыңға жуық азаматты азаматты медицина, жүргізуші, өндіріс, қызмет көрсету салаларына тікелей және Аусбилдунг (дуальді білім) негізінде жұмысқа шақырылуда. Оларға 2100 АҚШ доллары көлемінде орташа жалақы ұсынылады.
Ұлыбританияда медицина бағытында 10 мың және маусымдық ауылшаруашылық жұмысына 3 мың жұмыс орынға өтініштер қабылданды. Жалақы 2500 доллар.
Литва, Латвия, Польша, Болгария және басқа да Еуропа елдерінің 26 мыңнан астам азаматты жүк көлігінің жүргізушісі, өндіріс, құрылыс және қызмет көрсету салаларында жұмыс істеуге жіберу бойынша жобалары жүзеге асырылуда. Оларға орташа 1400 АҚШ доллары жалақы ұсынылады.
Биыл Оңтүстік Корея алғаш рет өндіріс, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, құрылыс, кеме жасау, тау-кен және орман шаруашылығы салаларында 13 700 жұмыс орнына квота алды. Орташа айлық жалақы 2000 АҚШ долларын құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6 есе, 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
Шет тілдерін білетін және біліктілігі бар үміткерлер осы бос орындарға тікелей немесе махалладағы әкімінің көмекшілері арқылы өтініш бере алады.