ХВҚ Өзбекстанды ДСҰ-ға кіруде қолдап-қуаттайды

    Үстіміздегі жылдың 28 декабрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары, Өзбекстанның ЖСҰ-на мүше болуы бойынша келіссөздер тобының басшысы Бадриддин Абидов Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Өзбекстандағы тұрақты өкілі Кевин Росспен кездесті.

    Оған Өзбекстанның тиісті министрлік пен кеңселерінің өкілдері де қатысты.

    Диалог барысында Өзбекстан тарапы Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу аясында атқарылған жұмыстары және 2023 жылы осы үдерісті жеделдету бойынша жүзеге асырылатын үстем міндеттер туралы ақпар берді.

    Атап айтқанда, сұхбат кезінде ДСҰ-мен істеу бойынша Кеңсеаралық комиссия мүшелері, Келіссөздер тобы мен 10 арнайы бағыт бойынша құрылған жұмысшы топтардың ағымдағы қызметінің нәтижелеріне, сондай-ақ Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің сәйкестендіру негізінде Ұйымға мүше мемлекеттер тарапынан сұралған барлық қажетті құжаттарды даярлау үдерісінде олардың жылдам іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ ДСҰ-ға кіру үдерісінде техникалық көмек көрсету бағдарламаларын іске асыру аясында донор елдермен және ұйымдармен ынтымақтастық жасау маңыздылығы атап өтілді. Олардың қатысуымен соңғы 3 жылда 250-ден астам тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылып, Ұйымға мүше болудың экономиканың түрлі салаларына әсері бойынша зерттеулер жүргізіліп, басқа да тиісті іс-шаралар атқарылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша ХВҚ-ның тұрақты өкілі Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу үдерісін одан әрі ілгерілету үшін жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін растады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.