Президент «Жаңа Өзбекстан» тұрғын үй кешенін барып көрді.

    Президент Шавкат Мирзиёев «Яккабоғ» ауданында салынған «Жаңа Өзбекстан» тұрғын үй кешенін барып көрді.

    Халықтың әл-ауқатын арттыру және тұрмыс мәдениетін жақсартуға бағытталған бұл кешен озық қалақұрылыстық шешімдер негізінде салынған. Көркі мен тәртібі жарасқан көпқабатты тұрғын үйлер ауданның көрінісін түбегейлі өзгерткен. 18 гектар аумақты қамтитын бұл кешенде 54 бес қабатты үй тұрғызылып, 1 400 пәтер жергілікті тұрғындарға пайдалануға беріледі.

    Нысандар тек заманауи сәулетімен ғана емес, сонымен қатар тұрғындар үшін жасалған ыңғайлы инфрақұрылымымен де ерекшеленеді. Әр үй заманауи инженерлік желілермен жабдықталған, аула маңында балалар ойын алаңдары мен автотұрақтар бар.

    Сонымен қатар бұл аумақта үш қабатты «Эко базар» салынған. Осы арқылы жергілікті диқандар өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсыну мүмкіндігіне ие. Бұл сапа мен баға жағынан тұрғындарға тиімді болып отыр. Базарда 640 жұмыс орны ашылған.

    Мемлекет басшысы экобазардағы жағдаймен танысып, сатушылар және сатып алушылармен әңгімелесті.

    – Базарлар халықтың тоқшылығын, әл-ауқаты мен мәдениетін көрсететін орын. Мұнда осындай көрікті орынның бой көтергені – қуанарлық жағдай. Халқымыздың сатып алу қабілеті мен нарық мәдениеті артып келеді. Сондықтан осындай ыңғайлы сауда орталықтарын көбейту керек, – деді Президент.

    Айрықша назар аударарлық жайт – кешендегі инфрақұрылым нысандарына күн панельдері мен гелиоколлекторлар орнатылған. Бұл энергия үнемдеу, үздіксіз электрмен жабдықтау және экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды фактор саналады.

    Тұрғындардың демалысы және балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін де қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, серуен аймақтары, балабақша, спорт алаңдары, сауықтыру нысандары мен қызмет көрсету пункттері бірыңғай тұжырымдама негізінде салынған.

    Мутасаддиларга шу концепция асосида бошқа туман марказлари ва массивларни ҳам ривожлантириш юзасидан кўрсатмалар берилди.

    No date selected
    July 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates