Жаңа редакциядағы «Жол қозғалысы туралы» Заңға қандай жаңалықтар енгізілген?

    Қауіпсіздік 26 Oktabr 2023 1053

    Үстіміздегі жылдың 25 октябрінде Олий Мажлис Сенаттың кезекті жалпы мәжілісі алдынан Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитетінің жиналысы өтті.

    Оған сенаторлар, министрліктер мен кеңселердің басшылары, сарапшылар, сондай-ақ халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің тұрақты комиссиялары төрағалары мен Жастар парламентінің мүшелері қатысты.

    Мәжілісте Сенаттың келесі жалпы мәжілісінде талқылануы жоспарланған мәселелер қаралды.

    Атап айтқанда, «Жол қозғалысы туралы», «Салық және бюджет заңдылығын жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», «Пробация туралы» және «Күзет қызметі туралы» Өзбекстан Республикасы Заңын қабылдауға байланысты Өзбекстан республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер енгізу туралы» заңдар осылар қатарында.

    Атап өткендей, соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларынан көптеген адамдар қаза тапты. Бұл жағдай біздің ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті мәселеге айналды.

    Бүгінгі кезеңнің өзі саланы реттейтін қолданыстағы заңға тиісті өзгерістер енгізуді және оны одан әрі жетілдіруді талап етуде.

    Осы мақсатта «Жол қозғалысы туралы» Заңның жаңа редакциясы әзірленген. Заңдағы ең маңызды жаңалықтардың бірі көппәтерлі үйлердің іргелес аумақтарына көлік тұрақтарын салу және көліктердің қоршаған ортаға, халықтың денсаулығы мен тыныштығына тигізетін кері әсерін азайтуды көздейді.

    Сондай-ақ Заңда жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері де нақты белгіленген. Атап айтқанда, жолдарда жол қозғалысы жүргізушілерінің қауіпсіз жүруіне болған құқықтары мемлекет тарапынан кепілденген.

    Сенаторлар бұл Заң жерлестеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол қозғалысын дұрыс және жүйелі жолға қою, жауапты органдар арасындағы тиімді ынтымақтастықты енгізу, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қызмет ететінін атап өтті.

    Мәжіліс барысында Сенаттың жалпы мәжілісінде талқылануы жоспарланған басқа да заңдарға тоқталды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Талқылау соңында Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates