Жаңа жыл қарсаңында намангандық 50 әйелге тігін машинасы тапсырылды

    Наманган қаласында орналасқан Әбу Али ибн Сина атындағы техникумда қайырымдылық дәстүріне айналған шара өтті.

    Онда тігіншілік сырларын үйренген «Әйелдер мен Жастар дәптерінде» тіркелген 50-ге жуық әйелге облыс әкімінің көмекшілерінің ұсынысымен субсидия негізде тігін машиналары мен құрал-жабдықтар берілді. Тігін машиналарын Наманган қаласының әкімі тапсырды.

    Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы мұндай ілтипат нәзік жандардың жүрегіне қуаныш сыйлады.

    Енді тігін машинасын алған бұл азаматтар мекендік жұмыс орындарын ашып, олар өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жылдық еңбек өтілін алуына мүмкіндік жаратылмақ. Сондай-ақ, ұстаз-шәкірт дәстүрін дамыту немесе кооперацияға негізделген «бір махалла – бір өнім» қағидаты бойынша жартылай дайын және дайын киім бұйымдарын шығару жолға қойылады. Бұдан басқа да, қожалықта пайдаланылатын трикотаж бұйымдардың өндірісін дамыту бойынша насихат істерін жеделдету шаралары қарастарылады.

    —Біз сияқты жастарға көрсетілген ілтипаттың арқасында жеке тігін машинамды алдым, — дейді «Даштбоғ» махалласының азаматы, «Жастар дәптері» тізімінде тұрған Матлубахон Турғунова Адхам қызы. – Бізге жасалып жатқан көмектің арқасында, мен отбасымда тігіншілікті дамытуға бар мүмкіндігімді жұмсаймын.

    Шынында да, мен сияқты азаматтарға жасалып жатқан игі істер мені жігерлендірді, мақсатыма жеткендей болдым, – дейді «Нурафшан» махалласындағы «Әйелдер дәптерінде» тіркелген Клара Юлдашева. – Наманган қаласының әкімі маған тігін машинасы мен тігінде қолданылатын «оверло» құрал-жабдығын берді. Мамандығым бойынша өзімді-өзім жұмыспен қамтып, жеке кәсіппен айналысамын.

    Шара аясында 22 махалладағы 50-ге жуық азаматқа кәсіпкерлік қызметіне қажетті болған 3 түрдегі өндірістік құрал-жабдықтар берілді.

    —Тұрақты жұмысы жоқ және аз қамтылған отбасыларға көмектесу, олардың табысын арттыру – үстем бағыттардың бірі саналады, — дейді Наманган қалалық кембағалдықты қысқарту және жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Низомжон Абдуллаев. – Тұрғындарды жұмыспен қамту, жақсы табыс табу үшін көптеген жаңа жобалар қолға алынды.

    Улуғбек Рўзиматов,

    «Наманган садоси» газетінің бас редакторы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates