Бұл – елде 1968 жылдан бері ресми статистика
жүргізіле бастағалы бергі Жапония азаматтары санының ең үлкен жылдық төмендеуі.
Осылайша, 1983 жылдан бері алғаш рет халық саны 120 миллионнан төмен түсті.
Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылы Жапонияда шамамен 670 мың сәби дүниеге
келген, ал қайтыс болғандар саны шамамен 1,6 миллион адамды құраған.
Сонымен қатар, Жапонияда тұрақты тұруға рұқсаты бар шетел азаматтарының саны
354 мың адамға артып, 4 031 159 адамға жетті.
Шетел азаматтарын қоса есептегенде, Жапонияның жалпы халқы 123 767 642 адамды
құрады.
Үкіметтің есептеуінше, халық санының азаюы қоғамның қартаюымен және туу
деңгейінің төмендеуімен байланысты.
Жапонияда
демографиялық құлдырау 45 жылдан бері жалғасып келедіі деп хабарлады Kazinform.