Келіссөздер барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны кеңейту болашақтарын талқылады. Өзбекстан тарапы бұрын қол жеткізілген барлық келісімдерді толық жүзеге асыру және мемлекетаралық қарым-қатынастарға ерекше белсенділік таныту мақсатында Жапония парламентімен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және оның экономикалық әрі әлеуметтік дамуға оң әсерін қамтамасыз етуде заң шығарушы органдардың маңызды рөлі  атап өтілді. Осыған байланысты тараптар Жапония Парламентінің Достық лигасы мен Парламентаралық ынтымақтастық тобының қызметін жандандыру арқылы парламенттік дипломатияны дәйекті түрде кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Келіссөздер соңында тараптар мемлекеттік басқару жүйесіндегі демократиялық негіздерді кеңейтудің, атқарушы билік органдарына парламенттік бақылауды жүзеге асырудың және басқа да салалармен қатар,  бизнес және инвесторлармен қарым-қатынастарды реттейтін заңдылық базасын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасуды жолға қоюдың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келісті, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.