Республика көлемінде «Жасыл кеңістік» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда

    Ел назарында 6 Yanvar 2022 2400

    «Республикада көгалдандыру жұмыстарын жеделдету, ағаштарды қорғауды одан әрі тиімді ұйымдастыру іс-шаралары туралы» Президент жарлығына сәйкес, еліміздегі ағаштардың санын көбейтуге бағытталған «Жасыл кеңістік» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

    Жалпыұлттық жоба өңірлерде жасыл желектер мен жасыл қоғамдық саябақтар құру, көшеттер санын көбейту, топырақ құнарлылығын ескере отырып, аумақтардың климатына қолайлы шетелдік сәндік ағаштарды жерсіндіру көзделген.

    Жобаға сәйкес, ағаштардың зақымдануы мен жойылуы үшін жауапкершілік күшейтіледі. Бұл бағыттағы қоғамдық бақылау одан әрі күшейтілетін болады. Ағаш отырғызу және күту саласындағы менеджмент жүйесі жетілдірілетін болады. Сондай-ақ бірқатар қажетті шаралар көзделген:

    - аймақтардың топырақ-климаттық және басқа да ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер мен талдаулар жүргізу, нәтижесінде облыстар бойынша республика картасын жасау;

    - әрбір ағаштың күтіміне жауапты тұлғаларды белгілеу, осыған байланысты ынталандыру механизмдерін енгізу;

    Мемлекеттік орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталардың бағалы түрлерін кесуге мораторий мерзімсізгеұзартылды. Мораторий кезінде қолданыстағы шектеулер мен міндеттемелерге қосымша келесілер қосылды:

    - мораторийді бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдың мөлшері бес есеге;

    - ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау салдарынан өсімдіктер әлеміне келтірілген залалды өтеу сомасын екі есеге арттыру.

    Мораторийді бұзған құрылыс-жалгерлік ұйымдарының «Шаффоф қурилиш» ұлттық ақпараттық жүйесіндегі деңгейі бір бағанға төмендетіледі. Деңгейі бір сатыға төмендеген құрылыс-жалгерлік ұйымдары бір жылдың ішінде деңгейін көтеру мүмкіндігінен айырылады. Бұл ретте өз деңгейін бір бағанға төмендете алмаған құрылыс-жалгерлік ұйымдары бір жыл мерзімге құрылыс-жалгерлік ұйымдарының электронды рейтингінен толықтай шығарылады.

    Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында 2022 жылдың 1 апрелінен бастап жаңа тәртіп белгіленеді. Оған орай:

    - тұрғындар тарапынан Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік экология комитетінің арнайы ақпараттық жүйесіне жіберілген ағаштарды, бұталарды, басқа да өсімдіктер мен көшеттерді заңсыз кесу, кесу, зақымдау, жою немесе басқа жерге көшіру фактілері бойынша құқықбұзушылық туралы фотосуреттер мен бейнематериалдар арнаулы автоматтандырылған фото және видео техникалық құралдармен тіркелген жазба құқықбұзушылықтар туралы фото және бейне жазбаларға теңестіріледі және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексте белгіленген тәртіппен қаралады;

    - құқықбұзушылық туралы фото және бейнежазбаларды жіберген тұлғалар әрбір расталған іс бойынша құқықбұзушыдан өндірілген қаржылар есебінен базалық есептеу көлемінің бір есесіне тең ақшалай сыйлықпен марапатталады. Бұл ретте, құқық бұзушылықты тиісті органдар анықтағаннан кейін дереу келіп түскен хабарламалар бойынша ынталандыру қолданылмайды, мұнда ынталандыру құқықбұзушылық туралы бірінші рет хабарлаған адамға қолданылады;

    - құқықбұзушылықтың жағдайы туралы фото, бейнежазба және хабарламалар берген тұлғалар туралы мәліметтерді жария етуге жол берілмейді;

    Жарлықпен 2022-2024 жылдарға арналған Қарақалпақстан Республикасы мен облысларда «жасыл саябақтар» құру бағдарламасы, сондай-ақ мәдени-демалыс саябақтарының базасында жаңа және «жасыл қоғамдық саябақтардың» тізімдері бекітілді, деп хабарлайды Ташкент қаласының әкімшілігінің Баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates