Көптеген қолайлылықтарға ие 2 қабатты жаңа орталықтың пайдалануға берілуі аудандағы травматология және ортопедия саласындағы медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Клиникада физиотерапия саласында да білікті мамандандар заманалық диагностикалық және емдеу құралдарының көмегімен тұрғындардың денсаулығын қорғауды мақсат еткен.

  - Медициналық мекемеміздің жобалық құны 2,5 миллиард сумға тең, – дейді жобаның бастамашысы, травматолог-ортопед дәрігер Мухсинжон Мамажонов. – Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – науқастардың және аудан тұрғындарының ауырын жеңілдету, ұзағын жақын ету. Алдағы уақытта қызметімізді одан әрі кеңейтіп, медициналық жабдықтарды әкеліп, қосымша мамандандырылған медициналық қызметтерді енгізуді, атап айтқанда, мұнда эндоскопиялық ота жасауды жоспарлап отырмыз.

Медициналық мекеменің іске қосылуы нәтижесінде 16 жаңа жұмыс орны ашылған болса, көп ұзамай ғимаратта қосымша бөлімдер, фитнес және гимнастика залдарының жолға қойылғаны нәтижесінде бұл нысанда жұмыспен қамтылғандар саны 30-дан асатыны айтылды.

 Сол күні аудандық мемлекеттік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері орталық басшысына осы қызметпен айналысу құқығын беретін лицензияны тапсырды, деп хабарлайды Өзбекстан аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.