«Жыл әйелі» ұлттық байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының депутаттарының 38%-ын (57 адам), Сенат мүшелерінің 27%-ын (16 адам) және жергілікті кеңестердің депутаттарының 25%-ын әйелдер құрайды.

    2024 жылдың 27 декабрінде «Жыл әйелі» ұлттық байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

    Рәсімді Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева ашты.

    Іс-шарада Жаңа Өзбекстанның әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани өмірінде әйелдердің рөлі мен қатысуының артып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

    Салаға қатысты халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнамалық база жетілдіріліп, әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында 100-ге жуық нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

    «Өзбекстан – 2030» стратегиясы аясында:

    • Әйелдердің саяси, әлеуметтік және экономикалық белсенділігін арттыру;

    • Аналар мен балаларды қорғау;

    • Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету;

    • Әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кең ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.

    Бүгінгі таңда:

    • Мемлекеттік басқарудағы әйелдердің үлесі 35%-ға,

    • Кәсіпкерлік саласында 37%-ға,

    • Саяси партиялардағы қатысуы 49%-ға жетті.

    2018 жылы министр және министрге теңестірілген лауазымдардағы әйелдердің үлесі 3%-ды құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш екі есеге артып, 5,7%-ды құрады.

    Өзбекстанның гендерлік теңдік саласындағы жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып келеді. 2024 жылы Өзбекстан гендерлік теңдік және басқару индексі бойынша 72,8 балл жинап, 2022 жылғы 103-орыннан 51 сатыға көтеріліп, 52-орынға ие болды. Бұл индекс 158 елді қамтиды және гендерлік теңдік жолындағы жетістіктер мен олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

    Кәсіпкер әйелдердің саны екі есеге артып, 205 мыңнан асты. Әйелдерді кәсіпке оқыту және оларға жеңілдетілген шарттармен несие беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

    ‘Жыл әйелі’ ұлттық байқауы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 марттағы ПФ-87-санды Жарлығымен және Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің 2022 жылғы 22 апрельдегі тиісті қаулысына сәйкес қоғам өмірінде белсенді қатысқан, үлгілі қыз-келіншектерді анықтап, олардың қызметін кең жұртшылыққа жаұыннан таныстыру, озық іс тәжірибелерін бұқараландыру мақсатында өткізіледі.

    Биыл осы байқаудың аудандық қалалық басқыштарына 3091 әйел қатысты. Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласы басқыштарына 1146 әйел қатысып, 150-і республикалық басқышқа жолдама алды.

    Байқауға қатысушылар 12 аталым бойынша және 1-, 2- 3- орын иегерлері марапатталды.

    Қарақалпақстан Республикасынан қатысқан Нигора Палванова ‘Жыл әйелі’ ұлттық байқауының жүлдесі — Гран-при лауреаты атанды. Жеңімпаз Президент сыйлығы автомобильмен марапатталды деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.