Жастардың АІ саласында білім алуы үшін білім беру несиесі бөлінеді

    Қаржы 15 Avgust 2022 2355

    2022 жылғы 12 августа Өзбекстан Республикасы Президентінің «Заманауи білім мен дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін кеңейту бойынша қосымша іс-шаралар туралы» қаулысы қабылданды.

    2022 жылдың 1 октябрінен бастап беймемлекеттік білім беру ұйымдарының оқу курстарында ақпараттық технологиялар саласында білім алу үшін жастарға білім беру несиелерін бөлу жүйесі белгіленеді.

    Коммерциялық банктер ақпараттық технологиялар саласындағы білім беруге Орталық банктің базалық ставкасы бойынша Қаржы министрлігі орналастырған депозиттер есебінен білім беру несиелерін бөледі.

    Білім беру несиесі 65 еселенген БЕМ мөлшерінде 1 жыл жеңілдік кезеңімен 4 жыл мерзімге беріледі. Бірлесіп қарыз алушылар ретінде білім беру несиесін ресімдеуге және өтеуге қарыз алушының отбасы мүшелері мен тұрақты табыс көзі бар басқа үшінші тұлғаларға қатысуға рұқсат етіледі.

    «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестріне» енгізілген отбасылардың балаларынан ақпараттық технологиялар саласында оқуға бөлінген білім беру несиесі бойынша кепіл немесе кепілдік талап етілмейді.

    Жастарды IT саласында оқуға арналған білім беру несиесі бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологиялар технопаркінің резиденттері болып табылатын ұйымдардың оқу курстарында оқыту үшін бөлінеді. Бұл ретте ақпараттық технологиялар саласында білім беретін резидент ұйымдардың тізілімін IT-парк электрондық ақпараттық жүйе нысанында жүргізеді және қажет болған жағдайда коммерциялық банктермен, мүдделі министрліктермен және кеңселермен интеграцияланады.

    2022 жылдың 1 ноябрінен бастап «Халқ банки» АК, «Алоқа банк» АК және «Микрокредитбанк» АКБ қатысушы сертификатын алған немесе соңғы 6 айда осы оқу курстарын сәтті аяқтаған жастарға компьютер сатып алу үшін (соның ішінде Өзбекстан Республикасында шығарылмаған) 25 еседен көп болмаған мөлшерде тұтынушылық несиелерін бөлуді бастайды.

    Мұнда компьютер сатып алуға бөлінген тұтынушылық несиелер бойынша пайыздық төлемдер Орталық банктің 1,5 еселенген ставкасына дейін Жастар ісі агенттігінің Жастарға қатысты мемлекет саясатын қолдау қоры есебінен өтеледі деп хабарлайды «Norma».

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates