Жазда күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінен қандай қорғануға болады?

    Денсаулық 6 Iyun 2024 553

    Соңғы жылдары бүкіл әлемдегідей біздің елде де ауа температурасы көтеріліп келеді.

    Елімізде жаз маусымы басталды. Әрине, биылғы маусым біздің өңірге тән құрғақ ыстық ауа райымен сипатталады. Әсіресе, соңғы жылдары бүкіл әлемде болғаны сияқты бізде де ауа температурасы көтеріліп келеді.

    Сондықтан, мұндай уақытта қандай ұсыныстарды орындау қажет?

    Бұл сауалға Алмазар аудандық медициналық бірлестігінің басшысы Азизбек Низамов жауап берді.

    — Көпшілігіміз жаз маусымында күн нұрынан нәр алуға дағдыланғанбыз», - дейді маман. – Бірақ бұл әрқашан пайдалы бола бермейді. Әсіресе, күнде ультракүлгін нұры жоғары болған кезде, ашық ауада жүру денсаулыққа зиян екенін ұмытпаған жөн.

    Сондықтан ыстық ауа райында табиғи, ашық түсті, мақта матадан тігілген киімдерді киген жөн. Мұндай маусымдық киім теріні күннің зиянды сәулелерінен қорғайды, дененің тыныс алуына көмектеседі және қызып кетуіне жол бермейді.

    Зерттеулерге сәйкес, қызыл, сұр және сары түсті киімдер ыстықты жақсы ұстайды, ал жылтыр және шәйі маталар ультракүлгін сәулелерді жақсы қайтарады.

    Дегенмен, тікелей күн сәулесінен аулақ болуға және қалпақ киюге тырысыңыз. Өйткені бас терісі басқа терілер сияқты күн нұрына күйіп қалуға бейім.

    Күн сәулесі сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін өте белсенді түде болады. Сондықтан бұл уақыт аралығында қажет болмаса көшеге шықпаған дұрыс.

    Бірақ сыртқа шығу қажет болса, дененің ашық жерлерін күн сәулесінен қорғауға тырысу керек.

    Ыстық ауа райында ағзадағы су балансы бұзылып, ылғалдық көп жоғалады. Сондықтан мұндай уақытта күніне кемінде 3 литр сұйықтық ішу қажет. Дегенмен, төмен температурадағы салқын сусындарды ішуден бас тарту керек.

    Себебі, олар бүкіл ағзаға, асқазан-ішек жолдарының қызметіне кері әсер етеді. Сонымен қатар, суық сусындарды ішкен кезде тонзиллит сияқты созылмалы аурулар күшейюі мүмкін.

    Сондықтан ыстық күндері жылы немесе бөлме температурасындағы сұйықтық ішу ұсынылады. Атап айтқанда, температурасы 36-37 градус болатын жай су ағзадағы зат алмасу мен ішек жұмысын жақсартады.

    Сонымен қатар, шөлдегенде шие, алма және қышқыл жемістерден дайындалған шырындар, айран мен лимон суы, көк және шөп шайлары (жалбыз, түймедақ, т.б.) шөлді тез басады.

    Ыстық күндері кофеден бас тартқан дұрыс. Өйткені ол ыстық күнде шаршауды арттырады.

    Шырын және газдалған сусындар да ұсынылмайды. Ыстық ауа райында алкогольден бас тарту қажет.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates