Елімізде Өзбекстан-Әзербайжан денсаулық сақтау декадасы басталды

    Денсаулық 3 Oktabr 2023 1267

    Естеріңізге сала кетейік, биыл 2 октябрьден елімізде Өзбекстан-Әзербайжан денсаулық сақтау декадасы басталды. Сонымен, бұл акциядан қандай мақсаттар көзделген?

    Бауырлас халықтарды ортақ мақсат жолында бірлестіретін салалардың бірі — медицина! Денсаулық сақтау жүйесіне инновациялық жетістіктерді кеңінен енгізу осы саладағы ең маңызды мақсат саналады. Он күнге жалғасатын Өзбекстан-Әзербайжан денсаулық сақтау декадасы дәл осы мақсатқа қызмет етеді.

    Осы шаралар аясында Әзербайжаннан келген медицинаның жеті бағыты бойынша ондаған жетекші медициналық мамандардың, сала ғалымдарының қатысуында елімізде бірқатар емдеу мекемелерінде ересектер мен балаларда 100-ден астам жоғары технологиялық, аз инвазивті оталар тегін жасалуы жоспарланған.

    Демек, өзара ынтымақтастықта:

    - біріккен тәжірибелер,

    - шеберлік сабақтары,

    - аз инвазивті хирургия және трансплантология;

    - офтальмология,

    - онкология,

    - гинекология,

    - травматология сияқты бірқатар бағыттар бойынша кеңесулер жүргізілуде.

    Оған еліміздегі төмендегі 6 ірі медициналық мекеме және олардың еліміздегі аймақтық филиалдары таңдалды:

    Академик В.Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургиялық ғылыми-практикалық медицина орталығы,

    Балалар ұлттық медициналық орталығы,

    Республикалық мамандандырылған онкология және медициналық радиология ғылыми-практикалық медицина орталығы,

    Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық орталығы,

    Республикалық перинаталдық орталық,

    Республикалық мамандандырылған травматология және ортопедиялық ғылыми-практикалық медицина орталығы.

    Сондай-ақ онкүндік барысында әзербайжандық қонақтар Өзбекстан медицинасындағы трансформация үдерістерімен танысып, өзбекстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік болды.

    Соңында екі мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері, жүйенің жауаптылары мен жетекші медициналық мекемелері басшыларының қатысуында астанада Өзбекстан — Әзербайжан медициналық форумы өтеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Онда саланы цифрландыру, фармацевтика, халық медицинасы, медициналық білім және ғылым-білім салаларындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, екіжақты меморандум мен келісімдерге қол қойылуы жоспарланған.

    Сондай-ақ, декада аясында өзбекстандық жалпы 100-ге жуық маман яғни 50 жуық дәрігер, 50 жуық орта медициналық қызметкерді Әзербайжанға білімін жетілдіруге және қайта даярлаға жіберу мәселесі туралы келісімге қол жеткізіледі деп күтілуде.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates