Елімізде туберкулез ауруына 70 минутта дәл нақтама қойылуда

    Мемлекет басшысының тиісті жарлығымен бекітілген «Өзбекстан-2030» стратегиясында халық денсаулығын қамтамасыз етуге қатысты бірқатар үстем мақсаттар қамтылған. Оның бірі — туберкулез ауруына қатысты.

    Белгіленуінше, елімізде туберкулезбен ауыру көсеткішін әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда қазірде 34-тен күрт төмендету жоспарлануда.

    Республикалық мамандандырылған фтизиатрия және пульмонология ғылыми-практикалық медицина орталығының директоры Наргиза Парпиева осы бағыттағы іс жүзіндік жұмыстар мен олардан күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берді:

    «Осы саланы реформалау нәтижесінде соңғы 10 жылда 170 мыңға жуық адамның өмірі сақталды», — дейді маман. — Мемлекеттік бағдарламада көзделген іс-шаралардың нәтижелі жүзеге асырылуы туберкулезбен ауыру көрсеткішін 2010 жымен салыстырғанда 43 пайызға, өлім көсеткіші 84 пайызға қысқартуға қол жеткізілді. Емдеу тиімділігі 91,2 пайызға жетті.

    Соңғы екі жылда ДДСҰ ұсыныстары негізінде фтизиатрия бойынша барлық клиникалық нұсқаулар жаңартылды, жалпы 1530 маман қайта даярлықтан өтті. Сондай-ақ, туберкулездің таралуын болдырмау үшін жыл сайын жаңа туған нәрестелердің 97 пайызына екпе егіледі.

    Қазіргі таңда туберкулезді анықтау бойынша аудандық, қалалық, ауданаралық, облыстық және орталық зертханалардан құралған 5 заманалық жүйе жұмыс істеуде.

    Аурудың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмек мемлекет тарапынан тегін қамтамасыз етіліп, оған бөлінетін қаржы да жылдан-жылға артып келеді.

    Тағы бір маңызды жаңалық: бұрын елімізде туберкулезді анықтауға 3-4 ай уақыт кететін. Қазіргі уақытта бұл ауруды генно-молекулярлық әдіс арқылы небәрі 70 минутта дәл нақтама қоюға болады.

    Қазіргі уақытта елімізде 97 ПТР зертханасы жұмыс істейді, оның 40-ы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерде орналасқан.

    Жетілдірілген ота жасау әдістердің енгізілуі және тиімді дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижесінде туберкулездің тұрғын түрлерімен ауыратын науқастарды емдеу ұзақтығы 2 жылдан 6-9 айға дейін қысқартылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates