Зеңгіатада үлкен логистикалық орталық ашылады

    Зеңгіатада жылына орта есеппен 6 миллион долларлық өнім экспорттайтын кәсіпорын жұмысын бастайды.

    Зенгіата ауданының «Эркин» аумағында Қытайдың халықаралық логистикалық орталығы «Jieshite Logisties Co. LTD. » компаниясы тарапынан «SU SHI KUN» шетелдік кәсіпорны құрылуда.

    Заманалық үлгіде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қораптау және өңдеу, тасымалдау мен жеткізіп беру, логистикалық қызметті іске қосу үшін Қытай компаниясының 21 миллион доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестициясы тартылады. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

    Кәсіпорын биылғы жылдың соңына дейін толық іске қосылуы жоспарланып, жылына көлемі 6 миллион долларлық қайта өңделген өнім Орталық Азия, Ресей, Қытай және Еуропа елдеріне экспортталады деп күтілуде, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates