Зергерлік бұйымдар өндірісі одан әрі дамытылады

    «Зергерлік бұйымдарды өндіру саласын одан әрі дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралары туралы» Президент Жарлығы қабылданды.

    Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

    Жарлыққа сәйкес, 2024-2026 жылдары Бұхара және Наманган облыстарында біреу, Ташкент қаласында екі зергерлік орталықтар құрылады;

    — зергерлік орталықтарында кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті инфрақұрылым жаратылады;

    2025 жылдың соңына қарай қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар мен тағы басқа да бұйымдардың жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард АҚШ долларына, ал экспорт көрсеткіші 100 миллион АҚШ долларына жеткізіледі.

    Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 январына дейін зергерлік орталықтарды құру үшін мемлекеттік жылжымайтын мүлік нысандарын тұтастай мүлік ретінде немесе лоттарға (бөлімдер мен бөлмелерге) бөліп, кәсіпкерлік субъектілерге және коммерциялық банктерге ұзақ мерзімді жалға немесе меншік құқығы негізінде, құнын бөліп-бөліп төлеу шарттарымен реализациялау шаралары қаралады.

    Жарлыққа сәйкес құрылатын зергерлік орталықтарындағы өндірушілерге қымбат бағалы металдарды кешіктіріп төлеу шартымен сатуда:

    — 90 күн ішінде жүзеге асырылған төлемдер бөлігіне пайыздар есептелмейді;

    - 91 күннен бастап 180 күнге дейін жүзеге асырылатын төлемдер бөлігіне жылдық 3 пайыздық мөлшерде пайыз есептеледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates