Өзбек қауынының бірінші партиясы Шанхайға жеткізілді

    “Shanghai Huizhai International Trade Co. Ltd” компаниясының көмегінде “Ташкент-Шанхай” тікелей авиақатынау арқылы Қытайға Өзбекстанда өндірілген түрлі сұрыптағы жаңа бақша өнімдерінің алғашқы партиясы жіберілді.

    “Дуне”АА-нің айтуынша, кеше Өзбекстанның Шанхайдағы Бас консулдығы және “Greenland Business & Trade Group” мемлекеттік компаниясының ынтымақтастығында “G-HUB жаһандық өнімдер сауда орталығында өзбек қауындарының тұсаукесері өткізілді. Оған “Greenland Holding Group”, “Greenland Global Commodity Trading Hub Group” , “Hongqiao International Trade Public Service Platform” компаниялары, Шанхай қалалық кеден басқармасы мен Цинпу ауданы мэриясының басшылары қатысты.

    “Greenland Holding Group” компаниясының атқарушы Президенті Чжан Юн соңғы жылдарда Қытайда Өзбекстаннан экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс артып жатқанын айтты. “Greenland Holding Group” мемлекеттік компаниясы және “ Shanghai Huizhai International Trade Co. Ltd”. компаниясы арасында құрылған келісімшарт негізінде Шанхай базарына жеткізіп берілген өзбек қауынының алғашқы партиясы бұған жақсы мысал.

    Сондай-ақ, Greenland Holding Group” атқарушы прзиденті агроөндіріс өнімдерін экспорттау, Қытай базарына ауыл шаруашылық өнімдерінің болашақта түрлерін жеткізіп беруді кеңейту мүмкіндігі бойынша Өзбекстан үлкен әлеуетке ие екенін айтты. Бұдан тыс, Өзбекстаннан жеміс-көкөніс және басқа да өнімдер жеткізіп беруді жолға қоюға көмектесуге дайын екенін білдірді.

    Сол себепті Қытайдың Шанхай мегополисі және айналасындағы провинцияларының тұрғындары тәтті және экологиялық таза өзбек қауындарынан татып көру мүмкіндігіне ие болды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates