Республика аумағының басым бөлігінде уақыты-уақытымен жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Найзағай күтіледі. Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында жауын-шашын болмайды, ал Бұхара және Науаи облыстарында тек кей жерлерде қысқа мерзімді аздаған жаңбыр жауады.
Тау алды және таулы аймақтарда жаңбыр жауып, кей уақытта күшейеді, найзағай болады. Сел және су тасқыны қаупі бар. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады, кей жерлерде 13-18 метрге дейін күшейеді. Солтүстік, шөлді аймақтарда және республиканың оңтүстігінде кей уақытта шаңды дауылдар байқалуы ықтимал.
22-24 мамыр күндері ауа температурасы түнде 13-18 градус, күндіз 22-27 градус шамасында болады.
Ташкентте бүгін күндіз уақыты-уақытымен жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы 22-24 градус болады.
23 мамырда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек кешке қарай қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 25-27 градусқа дейін көтеріледі.
24 мамыр, жексенбі күні уақыты-уақытымен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндізгі температура 22-24 градус болады. Түнде ауа температурасы негізінен 15-18 градус шамасында сақталады. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғып, кей уақытта 10-12 метрге дейін күшеюі мүмкін.