Бұл туралы Миграция агенттігі хабарлады.

Айтылғандай, Миграция агенттігі, Сыртқы істер министрлігі және Өзбекстанның Франциядағы елшілігі өкілдерінен құралған делегация Францияда бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Келіссөздер нәтижесінде FNSEA — Франция ауыл шаруашылығы өндірушілері федерациясымен жүзім алқаптарындағы маусымдық жұмыстарға өзбекстандықтарды тарту бойынша келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ Sélect Recruiting Service компаниясымен үміткерлерді іріктеу және жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол қойылды. Бұл ынтымақтастық азаматтарды таңдау және жұмысқа орналастыру үдерістерін халықаралық талаптар негізінде ұйымдастыруды көздейді.

Білім беру және жұмысқа бейімдеу бағытында CFA AC Paris ұйымымен «оқу + жұмыс» форматында серіктестік орнатылды. Оған сәйкес, Францияда мейрамхана саласында оқып, бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама әзірлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, келісімдерді іске асыру және ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді үйлестіру мақсатында Францияның сыртқы істер, ішкі істер және білім беру мекемелерімен, сондай-ақ France Travail мемлекеттік жұмыспен қамту қызметімен, CCI Île-de-France сауда-өнеркәсіп палатасымен және AP-HP сияқты ұйымдармен нәтижелі келіссөздер жүргізілді.

Аталған келісімдер өзбекстандықтар үшін шетелде заңды, қауіпсіз және жүйелі еңбек қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ жаңа жұмыс мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.