Қонақтар алдымен Ботаникалық бақтың құрылуымен, бақтағы өсімдіктермен танысты.

Олар өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.

Сұхбат барысында еліміздің ауа райына лайықты жаңа түрдегі сәндік ағаштар мен сирек кездесетін ағаш-бұталардың жаңа түрлерін жерсіндіру, яғни автоматты түрде басқарылатын жаңа көшетханалар құру және жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастыққа келісіп алды.

«Аталмыш жобаны 2023-2026 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда», - деп хабарлайды  Өзбекстан  Ғылым академиясының баспасөз қызметі.