Өзбекстан құрамасы мүшесі Қазақстан Суперкубогы иегері атанды

    Күні кеше «Астана-арена» алаңы футбол бойынша Қазақстан Суперкубогы үшін таласты қабыл алды. Онда Қазақстан чемпионы «Тобыл» мемлекет Кубогы иегері «Қайрат» ұжымын жеңіліске ұшыратты. Жеңімпаздар қатарында Өзбекстан ұлттық құрамасы мүшесі Игорь Сергеев ойынға басынан қатысып, өз үлесін қосты.

    «Тобыл» - «Қайрат» - 2-1 (Мұжықов, 30П, Жақсылықов, 83 – Жуан Пауло, 40).

    Өзбекстан футбол көрермендері екі командада екі отандасысыз шығуын күткен болатын. Өйткені «Қайрат» жуық арада Жасур Жалолиддиновтың өткенін хабарлады. Алайда, команда бас бапкері Құрбан Бердыев Жасурды ойнатқысы келмеді, сондықтан баршамыз Игорь Сергеевке болысып кеттік.

    Шынымды айтсам, бала кезден «Қайрат» жанкүйерімін, сондықтан өз басыма оңай соқпады. Оның үстіне отандасымыз Игорь Сергеев алғашқы минуттен ойынға қосылғанымен қақпаны дәлдей алмай жүрді, екі бірдей соққысы дарымай кетті, үшіншісі Қостанай клубы қақпашысы Данила Устименконың қолына келіп қонды.

    Сол арада өз қақпасы алдында Данияр Үсенов Душан Йованчичты аямай аяғына тепкені үшін әділ қазы бірден пенальти мен жазалады. Серікжан Мұжықов Қазақстан құрамасында анық орындайтындай, бұл жолыда адаспай, допты қақпашы қайтара алмайтындай жолдады.

    Дегенмен, «Қайрат» ойыншылары арасында бұл соққыға жауап бере алатыны дереу табыла қойды. Голдан он минут өтпей бразилиялық доп шебері Жуан Пауло алыстан айналтырып жолдаған соққыға қарсыластар қақпашысы Александр Мокин тек көзін мөлтілдетіп қараудан басқа шара таппады. Әдемі гол өз қақпасына жолданғаны өкінішті болсада, шеберлікті мойындау қажет.

    «Қайрат» екінші таймда жүлдені қанжығасына байлап кетуі мүмкін еді, алайда португалиялық Рикарду Алвеш пенальтиден допты аспанға тепті, оны Серікжанға шәкірттікке жіберсе болады Бердыев.

    Сонымен қарсыластар қосымша екі таймға күш сақтауды ойлап жүрген бір сәтте «Тобыл» бас бапкері Александр Москаленко шахмат партиясында өз жүрісін анық жасады. Алаңан Зоран Тошич пен Игорь Сергеевті алып, олар орнына Асхат Тағыберген мен Айбар Жақсылықовты майданға қосты. Айбар Алматы облысы түлегі болғаны «Қайрат» жанкүейрлеріне жаман батты, оның жұлдызы Қостанайда жанды. Айбар «Тобыл» үшін бірінші ойында алаңда болғанына үш минут өтер-отпей алғашқы допты «Қайрат» қақпасына жолдады. Жеңіс добын! Бұл жерде Серікжан Мұжықов берген ақылды пасты ерекше атап өткен жөн.

    Сонымен, Игорь Сергеев Қазақстан Суперкубогы иегері атанды, ал Жасур Жалолиддиновке тез арада «Қайрат» қатарында жарқырап шығуын тілеп қаламыз.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates