Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жатыр мойны обырын жоюды жеделдету жөніндегі жаһандық стратегиясында 9-14 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу ұсынылды.
Жатыр мойны обырының таралуына орай, әлемде әйелдер арасында жиі кездесетін ісік аурулары арасында төртінші орында тұрады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады:
Елімізде бұл дерт барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр, – дейді Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық тыныштық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің бас маманы Хурсаной Жамалова. – Өлім көрсеткіші бойынша барлық жастағы әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік ауруынан сүт безі және ұйқы безі обырынан кейінгі үшінші орында, ал бала туу жастағы әйелдер арасында екінші орында.
Сондықтан жатыр мойны обырын тудыратын бұл вирусқа қарсы вакцинация аурумен күресудің ең тиімді жолы болып табылады.
Елімізде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 9 жасар қыздарды жаппай екпе егу 2019 жылы басталды. Алайда, бұл үдерісте қолданылатын вакцинаның құны жоғары болғандықтан, көптеген елдерде вакцинация ақылы негізде жүргізіледі. Елімізде жасөспірім қыздар мемлекет есебінен тегін екпе алады.
Қазір еліміз бойынша 3 мың 138 егу пунктінде 12-14 жас аралығындағы қыздар арасында екпе жұмыстары жүргізілуде.
Мәлімет ретінде, бұрын Нидерландының «Мерк» компаниясында шығарған 1 миллион 400 мың доза “Гардасил” вакцинасы әкелініп, оның жарамдылығы тексеріліп, мақұлданған болатын.