«Узгидромет» мәліметіне орай, 30 қазан күні республика аумағында күн ала бұлтты әрі жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы 17–22 градусқа дейін көтеріледі.
31 қазан күні Қашқадария, Сұрхандария, Самарқант және Жызақ облыстарында аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Кешке қарай Ташкент облысының кейбір аудандарында да жауын-шашын болады.
1 қараша күні түнде және таңертең Ферғана аңғарындағы облыстар мен Ташкент облысының кейбір аудандарында аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде. Биік таулы аймақтарда жауын-шашын қарға айналуы мүмкін.
Демалыс күндері ауа температурасы түнде негізінен 5–10 градус, солтүстік аумақтарда 0–5 градус болады. Ал күндіз ауа райы 17–22 градусқа дейін жылынады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрді құрайды.
Ташкент қаласында 30–31 қазан күндері жауын-шашын күтілмейді. Ал 1 қараша күні түнде және таңертең аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.
Елордада шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде 8–10 градус, күндіз 20–22 градус жылы болады деп болжануда.