Өзбекстанда дүниежүзілік парламенттері әйел басшыларының 14-саммиті өтуде

    Ел назарында 9 Sentabr 2022 407

    Ташкентте Парламентаралық одаққа мүше мемлекеттер парламенттері әйел басшыларының кезектегі 14-саммиті өтуде.

    Саммитте БҰҰ, Парламентаралық Одақ және оған мүше елдер парламенттері палаталарының әйел-спикерлері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары, 17 елдің 120-дан астам парламенттерінің өкілдері қатысуда.

    Парламентаралық Одақ пен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Сенаты бірге ұйымдастырған конференция «Парламенттік көшбасшылық: тұрақтылық пен өркендеуді тиімдірек қамтамасыз етуде қауіп-қатерлерді бағалау» тақырыбына арналды.

    Саммиттің басты мақсаты – COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты дағдарыстың салдарын ескере отырып, тұрақтылық пен өркендеуді тиімді қамтамасыз ету мақсатында әйелдердің құқықтарын кеңейту бойынша парламенттер қызметінің үстем бағыттары мен іс-қимылдарын белгілеу болып табылады.

    Ең алдымен шарада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың осы беделді конференция қатысушыларына жолдаған жолдауын Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов оқып берді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Танзила Норбоева саммитті кіріспе сөзбен ашып, конференцияның күн тәртібіндегі барлық тақырыптардың өте өзекті және әлем елдерінің болашақ тағдыры үшін үлкен маңызы бар екенін атап өтті. Конференцияның мақсаты – пандемиядан туындаған күрделі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды, атап айтқанда, жаңа қауіптерді жою бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеу және оларды бірлесіп жүзеге асырудың тиімді іс-шараларын айқындауды мақсат еткен.

    Парламентаралық Одақтың төрағасы Дуарте Пачеко Ташкент саммитінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылығын білдіріп, талқыланған мәселелер, жасалған қорытындылар әйелдердің құқықтары мен заңды мүддесін тиімдірек қамтамасыз етуге қызмет ететінін айтты.

    Конференция жұмысы «Пандемиядан кейін жаһандық қалпына келтіруге кедергі келтіретін қауіптерді жою» және «Технологияларға байланысты қауіптердің алдын алу және технологиялар әлеміндегі адам құқықтары мен гендерлік теңдікті қорғау» тақырыптары бойынша екі сессия аясында ұйымдастырылды.

    Бірінші сессияда қатысушылар теңдік, инклюзивтік және қоршаған ортаны қорғау негізінде тұрақты даму болашақтары тұрғысынан экономиканы қалпына келтіруді, қыздар мен әйелдердің осалдығын, оның ішінде репродуктивті денсаулық саласындағы осалдықты азайту бойынша қажетті іс-шараларды және COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтірудің озық тәжірибелерін талқылады.

    Түстен кейін жалғасқан екінші сессияда COVID-19 пандемиясына байланысты цифрлық экономика мен еңбек саласында технологиялық инновацияларды ынталандыру, ұлттық және халықаралық деңгейде цифрлық алшақтықты жою бойынша жүзеге асырылып жатқан бастамаларға арналды. Сондай-ақ парламенттердің әйелдер мен қыздардың құқықтары мен еркіндігін интернет әлемінде насихаттау және қорғау бойынша іс-әрекеттері сияқты мәселелер қатысушылардың назарын аударды.

    Саммит 9 сентябрьде жұмысын жалғастырады.

    Норгул Абдураимова.