Зейнетақы жүйесінде жаңа төлемақы мен қызметтің жаңа түрі енгізілді

    Қаржы 21 Aprel 2022 393

    Бұл арқылы азаматтарға бірқатар қолайлылықтар туғызылуда.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлықтарына орай 2022 жылғы 1апрельден бастап өзгелердің қарауына мұқтаж мүгедектігі болған 18 жасқа дейінгі балалардың күтімімен айналысатын баланың заңды өкіліне айына 500 000 сум мөлшерінде төлемақы төлеу енгізілді.

    Бұл ретте Медициналық-әлеуметтік қызметті дамыту агенттігі Зейнетақы қорының ақпараттық жүйесіне күтімді қажет ететін балалар туралы ақпаратты электронды түрде ұсынып отырады.

    Осы күтіп-бағу төлемақысы азаматтардың Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарына немесе Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталына (БИМҚП) өтініштері негізінде бюджеттен тыс Зейнетақы қорының аудандық (қалалық) бөлімшелері тарапынан қолданыстағы электрондық деректер негізінде жүзеге асырылады және төленеді.

    Сонымен қатар, бүгінде Зейнетақы қоры Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталы (БИМҚП) арқылы әлеуметтік төлемдердің 8 түрі бойынша өтініш бере алады, зейнетақының (жәрдемақы) 3 түрі бойынша және Зейнетақы қорының атқарушы аппараты, аумақтық басқармалары мен аудандық (қалалық) бөлімдері орналасқан ғимараттардың бағытты (лакация) мекенжайларын алу жүйесі енгізілді.

    Осы арқылы азаматтарға бірқатар қолайлылықтар жасалды:

    Мемлекеттік қызметтерді пайдалану аптаның кез келген күні және аптаның кез келген уақытында қолдануға болады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету немесе бас тарту 5 секундта жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне Зейнетақы қорының қызметкерлері қатыспайды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates