Өзбекстанда Италия өкілдерінің қатысуымен сән және дизайн саласында шеберлік сабақтары өткізіледі

    Өзбекстан елшісі Абат Файзуллаев Италияның «CNA» Қолөнершілер, шағын және орта кәсіпорындар ұлттық конфедерациясы басқармасының басшысы, «CNA Federmoda» бірлестігінің президенті Антонио Франческинимен кездесті.

    Диалог кезінде Италья тарапы мен жеңіл өнеркәсіп, сән және дизайн салаларында жұмыс істейтін екі елдің кәсіпкерлік субъектілері арасында ынтымақтастықты орнату және осы бағыттарға Италья тәжірибесін енгізу болашақтары талқыланды.

    Елші мырза бүгінде Өзбекстанда жеңіл өнеркәсіп, мебель, сән және дизайн салалары қарқынды дамып келе жатқанын, соңғы жылдары елімізден шет елдерге мақта шикізатының экспорты толығымен тоқтатылғанын атап өтті. Сондай-ақ, жартылай дайын және толық дайын өнімдер экспортының артқаны, тоқымашылық, былғары және аяқ киім тауарларын өндіру сияқты салаларды жаңа сапалы деңгейге шығару мақсатында шетелдік тәжірибеге үлкен қызығушылық бар екендігі айтылды.

    Антонио Франческини өз кезегінде, Өзбекстанның шағын және орта бизнес саласында ынтымақтастық орнатуға және оны дамытуға мүдделі екенін айтты.

    Болашағы бар ынтымақтастық бағыттарды ескере отырып, Конфедерация өкілі тарапынан алғашқы қадам ретінде CNA-ға мүше компаниялар мамандарының Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру және соның аясында сала мамандарына шеберлік сабақтарын өткізуге келісті.

    Сондай-ақ тараптар ынтымақтастықтың кейінгі басқышы ретінде елімізде «Өзбекстан-Италия сән және дизайн орталығын» құру жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды «Дунё» АА.