Өзбекстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік органдары мен ұйымдарда атқарушылық тәртіпті одан әрі нығайту жөніндегі қосымша іс-шаралары туралы» Жарлығымен 2025 жыл 1 сентябрьден бастап:
мемлекеттік органдары мен ұйымдарда атқарушылық тәртіпке жауапты құрылымдық бөлімшелер жеке құрылым ретінде тікелей бірінші басшыларға бағынуына өткізіледі;
мемлекеттік органдары мен ұйымдарының атқарушылық тәртіпке жауапты құрылымы қызметкерлері Есеп палатасы, Министрлер Кабинетi және Әдiлет министрлiгiнде жоспар-кестесі негізінде әр үш жылда бiр рет біліктілігін арттыру практикасы жолға қойылады.
Министрлер Кабинетінің қаулыларының орындалуын бақылау бойынша жаңа тәртібінің енгізілуіне байланысты;
Әділет министрлігі орталық аппараты құрылымында Өзбекстан Республикасы Президентінің құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылау басқармасы негізінде 20 штат бірлігінен құралған Өзбекстан Республикасы Президентінің және Үкімет құжаттарының орындалуын бақылау басқармасы құрылады.
Есеп палатасының, Министрлер Кабинетінің және Әділет министрлігінің заңнамалық құжаттары мен тапсырмаларының орындалу барысын бағалау тәжірибесі енгізіледі.








