Енді «Мемлекеттік баж туралы» Заңға енгізілген
қосымшаларға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Агроөнеркәсіпті
дамыту агенттігі — өзінің, сондай-ақ жеміс-көкөніс бағытында өнім өндіретін
және қайта өңдейтін субъектілердің, жылыжай шаруашылықтарының құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау мақсатында берілген арыздар, шағымдар мен
талап-арыздары бойынша азаматтық және экономикалық соттарға жүгінген кезде
мемлекеттік баж төлеуден босатылу белгіленді.
Аталған заң
ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.