Бүгін республиканың басым аумағында күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Тек Ташкент облысы мен Ферғана аңғарындағы облыстардың кейбір аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

27 маусым күні де жауын-шашын негізінен Ташкент облысы мен Ферғана аңғарының жекелеген аумақтарында ғана байқалады.

28 маусымда Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында ауа райы құбылып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда жауын-шашынның мол болуы ықтимал. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын күтілмейді.

Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр болады. Кей жерлерде 13–18 м/с-қа дейін күшейсе, солтүстік және шөлейт аймақтарда 20–22 м/с-қа дейін жетіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында ауа температурасы негізінен 32–37 градус шамасында болады. Жексенбі күні Қарақалпақстанның солтүстігінде температура 23–28 градусқа дейін төмендейді.

Тау бөктері мен таулы өңірлерде ара-тұра қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Сонымен қатар бұл аймақтарда сел жүру қаупі сақталады.

Ташкент қаласында бүгін жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы 37–39 градусқа дейін көтеріледі. Сенбі күні қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, ауа температурасы 38–40 градусқа жетеді. Жексенбі күні жауын-шашынсыз, күндізгі температура 39–41 градус шамасында болады. Түнде ауа температурасы 23–26 градус болып,жел шығыстан соғып, кей жерлерде шаңды дауыл байқалуы мүмкін.