Абдуллахан медресесі – XVI ғасырдағы өзбек сәулет өнерінің бірегей үлгілерінің бірі. Ол 1588–1590 жылдары Бұхара хандығын билеген Шайбани әулетінің өкілі, әйгілі қолбасшы әрі мемлекет қайраткері Абдуллахан II-нің бұйрығымен салынған.
Медресенің жобасы мен ішкі құрылымы күрделі инженерлік шешімдерімен дәстүрлі Бұхара медреселерінен ерекшеленеді. Кешеннің басты кіреберісі оңтүстікке қараған. Ол көгілдір түсті қыш тақталар мен жылтыр өрнектерден құрастырылған геометриялық мозаикамен безендірілген.
XVI ғасырда бұл медресе Мәуереннахрдағы ең ірі әрі беделді жоғары білім және ғылым орталықтарының бірі болған. Мұнда шәкірттерге діни және зайырлы пәндер оқытылған. Атап айтқанда, Құран, тәпсір, хадис, фиқһ, ақидамен қатар араб тілі мен әдебиеті, логика, философия, математика, геометрия және медицина тереңдетіліп оқытылған.
Ансамбльдің оңтүстік бөлігінде 1566–1567 жылдары Абдуллахан II анасының құрметіне салдырған Модарихан медресесі орналасқан. Екі медресе бір-біріне қарама-қарсы, бір ось бойымен тұрғызылған.
Қосмедресе ансамблі 2023–2024 жылдары құны 6 миллиард сум болатын жоба аясында ішінара қалпына келтірілді. Бүгінде кешенге жыл сайын 1 миллион турист келеді.
Мемлекет басшысына Қосмедресе ансамблін қалпына келтіру жоспары таныстырылды.
Президент туристер үшін бұдан да қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырмалар берді.